© ktf.kz
Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың ашық біріншілігіне қатысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нью-Йоркте өтетін үлкен дулыға турнирінде жерлесімізден бөлек еліміздің бірнеше ракетка шебері бақ сынайды. Olympic.kz-тің жазуынша, әлемдік рейтингтің 218-сатысында тұрған Бейбіт Жұқаев швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (№205) шеберлік байқасады.
Ерлер арасында іріктеу сайысында Қазақстаннан 5 теннисші бақ сынайды. Әлемнің 121-ракеткасы, 36 жастағы Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 142-орында тұрған аргентиналық Марко Трунгеллитимен кездеседі.
Әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде 215-сатыдағы эквадорлық Альваро Гильен Месамен ойнайды. Рейтингіде 187-орындағы Дмитрий Попко әлемнің 96-ракеткасы, тағы бір аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеден өтуге тырысып көреді.
Тимофей Скатовтың (№192) да қарсыласы аргентиналық Факундо Багнис (№129).
Әйелдер арасында рейтингіде 580-орындағы Зарина Дияс қытайлық, әлемнің 209-ракеткасы Есинь Мамен кездеспек.