Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Грекияға қарсы ойынға қатыспайды. Ол өткенде Словенияға қарсы өткен мачта алған сары қағаздың кесірінен алдағы ойыннан шеттетіліп отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстан-Грекия матчы 2024 жылдың наурыз айында Ұлттар Лигасының ойындары аясында өтеді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен құрама Германияда футболдан өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алмақ.
Қазіргі уақытта Ресейдің «Зенит» клубының сапында ойнайтын жерлесіміз енді маңызды ойынды көрермен ретінде тамашалайды.
Нұралә Әліп «Каспий» футбол клубының түлегі. Ол жасөспірім шағында мұнайшы өлкенің командасында ойнады. Кейін Алматының «Қайратына» ауысып, 2023 жылдың басында оны Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы өз қатарына қосты.