Балалардың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуын қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау облысында 31 спорт мекемесі жұмыс істейді. Өңірдің спорт басқармасының мәліметінше, балалар мен жасөспірімдерді тегін негізде спорттық үйірмелерге қабылдайтын 20 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 6 спорт клубы, 1 ұлттық спорт орталығы, 1 дене-шынықтыру және спорттық даярлау мекемесі бар көрінеді. Сонымен қатар, МО олимпиадалық резервті дайындау орталығы және 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі бүгінді табысты жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі таңда облыс аумағында отыз мыңға жуық жасөспірім тегін секцияларына барып, өздері қалаған спорт түрімен шұғылданып жүр. Мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спорт және шығармашылық үйірмелерімен толықтай қамту жүзеге асыру түбегейлі жалғасып келеді. Осы бағытта нақты спорт саласында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру Маңғыстау облысында 2021 жылдан бері басталған екен.
«Маңғыстау облысында спорттық мектептерден бөлек мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша қазіргі уақытта Ақтау, Жаңаөзен және Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы, Қарақия аудандарында жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасымен 4-17 жас аралығындағы балалар тегін түрде спортпен қамтылды. Қазіргі таңда мемлекеттік спорттық тапсырыс «Damu Bala» платформасы https://damubala.kz арқылы жүзеге асырылып жатыр», - деді облыстық спорт басқармасының мамандары.
Маңғыстауда әрбір ата-ана баласын тегін спорттық секцияларға жазу үшін ең алдымен https://damubala.kz сайтына кіріп, ЭЦҚ кілт арқылы тіркелуі тиіс. Ал бұл порталда қажетті және тұрғын аймағына қарай ыңғайлы спорт секциясына кезекке тұру арқылы тегін қатысуға мүмкіндік алатын болады.
Жалпы, облыс тұрғындары үшін дене шынықтыру және спор басқармасына қатысты мекемелердегі үйірмелерге балалар мен жасөспірімдер тегін қатысатын секциялар тізімін назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.
«Маңғыстау футболдан олимпиадалық резервтің мамандандырылған БЖСМ-де футбол, әйелдер футболы, регби секциялары «Жас канат» спорт кешенінде бар. Мұнда әрбір баламен білікті мамандар жұмыс істейді. Ал бокс бойынша облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған БЖСМ - бокс, әйелдер боксын жетілдіруде. Күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған БЖСМ еркін күрес, әйелдер еркін күресі, грек-рим күресі секциясы жұмыс істейді. Сонымен бірге, «Жас батыр» мамандандырылған БЖСМ - дзюдо, самбо, жекпе-жек, таеквондо, каратэ-до, спорттық гимнастика, белбеу күресінен жасөспірімдер баптап жүр. Каратэ-до бойынша мамандандырылған БЖСМ - каратэ-до, кикбоксинг, дзюдо, таэквондо, ушудың болашақ шеберлерін асыға күтеді. Сондай-ақ, қазақ күресі және дзюдо бойынша мамандандырылған БЖСМ-де дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, киокушинкай, джиу джитсу бойынша жасөспірімдер жаттығады. Ақтау қаласында «Маңғыстау Арена» БЖСМ - каратэ-до, таеквандо, волейбол, баскетбол, велоспорт, шағын футбол, үстел теннис, көркем гимнастика, еркін күрес, дзюдо секциялары барын айтқымыз келеді. Ақтаудағы 33 шағын ауданда грек-рим күресі, джиу-джитсу, кикбоксинг, муайтай, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, қазақ күрес, самбо, гір спорты, армрестлинг, шахмат, пауэрлифтинг, ауыр атлетика, бокс, бодибилдинг-фитнес бойынша үйірме жұмыс істейді», - деп жазылған басқарма мамандары берген мәліметте.
Сондай-ақ, Ақтау қалалық теннис бойынша БЖСМ-де теннис, үстел теннисі, стенд ату, каратэ кекушинкай, садақ ату, самбо, қоян-қолтық ұрыс, армрестлинг, МО желкенді спорты бойынша БЖСМ желкенді спорт, велоспорт, жеңіл атлетика, таэквондо, полиатлон, Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау аудандық БЖСМ - волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика, бокс, кикбоксинг, қазақ күресі, дзюдо, самбо, грек рим күресі, джиу-джитсу, жүзу, атбегілік, аударыспақ, құсбегілік, тоғызқұмалақ, гір спорты, армрестлинг, пауэрлифтинг, Түпқараған аудандық БЖСМ - баскетбол, бокс, волейбол, джиу-джитсу, футбол, дзюдо, қазақша күрес, киокушинкай, кикбоксинг, үстел теннисі тоғызқұмалақ және футбол, шахмат, асық ату, жекпе-жек, Ақшұқыр ауылдық БЖСМ-де футбол, волейбол, дзюдо, қазақ курес, белбеу күрес, кекушинкай каратэ-до, джиу-джитсу секциялары тұрақты жұмыс істейді.
«Жаңаөзен қалалық №1 БЖСМ - бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, көркем гимнастика, грепплинг, дзюдо, қазақ күресі, кекушинкай-каратэ, жеңіл атлетика, муай тай, үстел теннисі, таеквондо, тоғызқұмалақ, футбол, волейболдан тегін үйірмелер бар. Сонымен бірге, Жаңаөзен қалалық №2 БЖСМ-де футбол, баскетбол, волейбол, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, каратэ-до, жүзу, бокс, ауыр атлетика, армрестлинг, пауэрлифтинг, қазақ күресі, таэквондо секциясында да білікті мамандар жұмыс істеп жатыр. Қызылсай ауылдық №3 БЖСМ - еркін күрес, қазақ күресі, дзюдо, футбол,қыздар футболы, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, кикбоксинг, кекушинкай каратэ-до, грэпплинг, «Таушық ауылының спорт кешені» КММ - футбол, джиу джитсу, бокс, кикбоксинг, садақ ату, қазақ күресі, волейбол, Бейнеу аудандық БЖСМ - қазақ күресі, белбеу күресі, дзюдо, самбо, грек- рим күресі, грэпплинг, тоғызқұмалақ, бокс, таэквондо, баскетбол, волейбол, футбол, теннис, каратэ-до, панкратион, жеңіл атлетика, джиу- джитсу, гір спорты, көркем гимнастика үйірмелері әуелден жұмыс істеуде», - дейді басқарма өкілдері.
Балалардың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қарақия аудандық БЖСМ - армрестлинг, бокс, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, каратэ-кекушинкай, самбо, таеквондо,тоғызқұмалақ, футбол, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының БЖСМ-де бокс, каратэ, еркін күрес, қазақ күресі, дзюдо, грек рим күресі, қол күресі, футбол, Дәулет ауылдық округінің БЖСМ-де армрестлинг, баскетбол, еркін күрес, волейбол, дзюдо, қазақ күресі, каратэ-до, кекушинкай-каратэ, футбол, Басқұдық ауылдық округінің БЖСМ-де армрестлинг, баскетбол, еркін күрес, грек-рим, волейбол, гандбол, қазақ күресі, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, футбол, шахмат, бадминтон, дзюдо, жеңіл атлетика үйірмелері бар.
Маңғыстау облысында ұлттық спорт бойынша да ұлттық спорт түрлері орталығында көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, тоғызқұмалақ, жекпе-жек,қазақ күресі, құсбегілікке баулудан үйренемін деген жасөспірімдерге мол мүмкіндік қарастылған. «Батыр» спорт кешенінде аралас жекпе-жек спорт клубы бүгінде грэпплинг, панкратион, кекушинкай-каратэ, ММА, номад ММА, муай тай, пенчак силат секілді жекпе-жек түрлерін үйретеді.