Жапонияда каратэ шинкиокушинкайдан жасөспірімде арасында өткен “Dream Cup” турнирінде Маңғыстау облысының 4 спортшысы жүлделі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Токиода 19-21 шілде күндері өткен сынға 21 мемлекеттің 3758 спортшысы бақ сынады. Ал Қазақстанның атынан 100-ге жуық спортшы ел намысын қорғады. Бұл ретте Маңғыстау облысынан 22 спортшымыз татамиге шығып, оның төртеу финалға дейін жетті.
Олардың ішінде Мәрлен Дүйсенбай, Ағарыс Нұр, Ділнәз Бекбатыр чемпион атанса, Бейбіт Тілеген күміс жүлдеге ие болды.
Жерлестерімізді күншығыс еліндегі додаға Бекжан Сайлау мен Қоштан Текебаев баптап апарған. Маңғыстау облысының каратэ шинкиокушинкай федерация президенті Мұрат Сыдықовтың сөзінше, шәкірттер өздеріне артылған сенімді мүлтіксіз атқара білді.