© Sport24.ru
Қазақстан дзюдошыларының Париж Олимпиадасындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстан құрамасының 8 дзюдошысы Франция астанасындағы ойындарда турнирді бірінші айналымнан бастайтын болды.
Ерлер арасында 60 келіде Елдос Сметов бірінші айналымда нидерландтық Торнике Тсакодеамен белдеседі. Жеңіске жеткен жағдайда Сметов Украина-Өзбекстан дзюдошылары жұбының жеңімпазымен сынға түседі.
66 келіде ұлттық құрама мүшесі Ғұсман Қырғызбаев бірінші кездесуін Испания балуаны Гарсия Торнемен шеберлік байқасады.
73 келіде Данияр Шамшаев Өзбекстан дзюдошысы Муроджон Юлдошевпен жолы түйісіп, жеңсе АҚШ-Молдова балуандары жұбының мықтысымен татаминде жолығады.
81 келіде Абылайхан Жұбаназар венгр дзюдошысы Унгваримен белдеседі. Одан өтсе, осы салмақтың мықтысы Маттияс Кассемен күш сынасады.
-100 келіде Нұрлыхан Шарқан алғашқы айналымда Бельгия мықтысы Иван Никифоровқа қарсы тереурін көрсетеді. Одан кейін өзбекстандық Музафарбек Туробоевпен күресуі мүмкін.
Ал әйелдер арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова Израиль дзюдошысы Шира Ришонимен қарсылас атанып отыр. Бұдан кейін Тайпей және Колумбия дзюдошылардың қай жеңгенімен күресуі ғажап емес.
63 келіде Эсмигул Куюлова Аустрия дзюдошысы Пьовесана Лубянаға қарсылас атанды. Ал екінші айналымға шықса, Аустралия мықтысы Геккер Екатеринамен белдеседі.
+78 келіде Камила Берліқашқа алғашқы қарсыласы моңғол қызы Амарсайхан Адьясүрэн.
Аралас құрама бәсекесі бойынша Париж Олимпиадасында Қазақстан Бразилиямен кездеседі. Одан кейін Аустрия мен Германия жұбының жеңімпазымен сынға түсіп қалуы мүмкін.