«Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жауынгер-интернационалист Сәлімжан Алиевті еске алуға арналған қазақ күресінен 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ІХ-республикалық турнир Құрық ауылында өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ІХ-республикалық турнирдің ашылу салтанатына Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкенов, аудандық мәслихат төрағасы Жаңғабыл Қалаубай, МО қазақ күресі Федерациясының атқарушы директоры Қайрат Бурбасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Бегниязов, турнирдің негізін салушы, ардагер спортшы Дүйсенбай Атағараев қатысты.
Турнирде Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы және Маңғыстау облысының аудан, қалаларынан келген спортшылар бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша 38 келі салмақта 3-орынды - А.Қалмұрат және А.Саурбай (Қарақия), 2-орын - Н.Берекет (Жас батыр), 1-орын- Ә.Жарқынбек (Ұлттық спорт) иеленді. Спортшыларға алғыс хат, медальдар табыс етілді.