Таиландтың Са-рача қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында маңғыстаулық Камиль Куруглиев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз құрлық біріншілігінде 92 келіде белдесіп, финалға дейін жетті. Алайда ол шешуші сында өзбекстандық Шерзод Поеновке есе жіберді. Чемпиондық белдесуде екеуара есеп 2:6 болып аяқталып, уыста тұрған жеңіс сусып шығып кетті.
Камил Куруглиев ақпан айында ересектер арасында ел чемпионатында 97 келіде қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ, ол өткен жылы да 20 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатында топ жарған.