23-25 шілде аралығында Петропавл қаласында орналасқан «Жеңіс» олимпиадалық резерв балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейсовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жарыстың негізгі мақсаты - әскери қызметшілердің дене дайындығы мен спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 7 команда, барлығы 70-ке жуық спортшы қатысты. Әлем чемпиондарымен қатар спорт шеберлері қатысқан жарыс 10 салмақ дәрежесінде өткізілді.
Аталмыш жарыста ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы чемпион атанды. Екінші орынды "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының құрама командасы, ал үшінші орынды "Орталық" өңірлік қолбасшылығының құрама командасы иеленді.
Турнир жеңімпаздарына кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.