Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде маңғыстау облыстық денсаулық сақтау саласы мамандарының қатысуымен брифинг өтті. Жиын менингококк инфекциясының таралуы, белгілері, алдын алу шараларына арналды.
Вирус ауа тамшылары, тұрмыстық қатынас, тағам арқылы, сондай-ақ ашық су қоймалары мен бассейндерге шомылу кезінде жұғуы мүмкін. Инфекцияның басты көздері – ауру адам және бактерия тасымалдаушылар. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде қаза болғандардың басым бөлігі ораза тұтқан жандар екені анықталған. Яғни, ағза әлсіреп, иммунитет төмендеген кезде адам ауруды жылдам қабылдайды дейді олар.
-Менингококк инфекциясы ауа тамшылары арқылы жұғатын ми мен жұлын қабықшасының қабынуымен өтетін ауру. Инфекция негізінен жоғары тыныс жолдары арқылы жұғады. Егер адамның имунитеті мықты болса, қарсы тұра алуы мүмкін. Бактерия ауада ұзақ сақталмайды, ыстықта, желді ауа райында жойылып кетеді. Сондықтан жақын қарым-қатынаста (жарты метр қашықтықта), желдетілмеген ортада тез тарайды. Алғашқы белгілері жоғары дене қызуы (39-40 С) пайда болып, бірнеше сағатта денеде бөртпелер пайда болады. Үйді, отырған орнымызды жиі желдетіп, ауасын тазартып отырған жөн. Облыста кездеспегенімен, Алматыдан күніне қанша адам келіп-кетіп жатыр. Сондықтан сақ болған дұрыс, - деп ескертті облыстық штаттан тыс инфекционист Гүлбану Нұржанова.
Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуы, бас ауырып, әлсіреу, құсу, жөтел, тамақтың қабынуы, денеде қызыл бөртпелердің пайда болу, жарыққа қарай алмау мен бұлшық еттердің ауыруы.
Аталған белгілерді байқаған жағдайда дереу дәрігерге хабарлау қажет. Алдын алу шаралары:
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ