Шартты түрде жазасын өтеген мұнайлылық азамат мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алып, такси қызметін бастаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қызылтөбе ауылының тұрғыны осыдан 2 жыл бұрын шартты түрде сотталған. Ол шартты түрде жазасын өтеу барысында 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ауылшаруашылық» қаржылай қолдау қоры арқылы 4, 5 миллион теңге несие алған.
«Мұнайлы азаматы алдымен «Бастау бизнес» мектебінде оқыды, кейін такси қызметін көрсететін кәсібін сәтті орындады. Биыл да провация тізімінде тұрған мұнайлылық азамат қайтарымсыз грант жеңіп алып, ойға алған кәсібін бастап кетті. Қазіргі таңда жазасын өтеген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың қандай да бір салада өз жолын табуға мемлекеттік бағдарламалардың берер мүмкіндігі мол болып тұр», -дейді Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбақыт Ақниязова.