Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы Банктің жауапкерлер ЖШС «М», ЖШС «Ә»,С,С және А-ға келтірген қарыз сомасын және кепіл мүлкінің есебінен өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Талап қоюшы Банк және жауапкерлер ЖШС «М», ЖШС «Ә»,С,С,А-ның араларында банктік заем шарттары жасалған. Жауапкерлердің талап қоюшының алдындағы берешегінің жалпы сомасы 185 604 420 теңгені құрайды.
Жауапкерлер ЖШС «М», ЖШС «Ә»,С,С және А шартта көрсетілген міндеттемелерін орындамаған. Келісім шартты уақытылы және толық жауапкерлердің орындамауларына байланысты Банк талап қоюмен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар дау бойынша татуласу келісімін жасады. Келісім бойынша Банк талап қоюдан бас тартады, ал жауапкерлер ЖШС «М», ЖШС «Ә»,С,С және А талап қоюшының пайдасына 185 604 420 теңге қарыз ақшаны кесте бойынша 2027 жылдың мамыр айына дейін төлеуге міндеттенді”, деп жазылған соттың хабарламасында.
Татуласу келісімі сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.