Жуырда әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзып, онысымен қоймай дау шығарған әйел адамның видеосы тараған болатын, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МО Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, оқиға қаңтар айында болған. Кадрларда қызыл көлік иесі қос сызықты кесе кері бұрылып, басқа көлікке жол бермей өткісі келгені көрінеді.
«Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін полиция қызметкерлері биыл 18 қаңтарда анықтады. Сол күні жүргізуші төтенше жағдай жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп жазылған Полиция департаментінің хабарламасында.