Ақтауда туған күн иесі Ботакөз Пилтан сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін қала тұрғыны, мектепте мұғалім болып қызмет атқаратын Ботакөз Пилтан 24 жасқа толды. Ол 34 шағынаудандағы №256 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
-Бүгін мен үшін ерекше күн. Себебі менің туған күнім. Қалада депутаттар сайлауы өтіп жатыр. Мекенжайыма қарасты сайлау учаскесіне келіп, дауысымды бердім, - деді Ботакөз Пилтан.