© Талант ҚҰСАЙЫН
Мұнайлыда 136 шаруа қожалығы аналық мал басына қаржылай көмек алу үшін құжат тапсырып, үкімет резервінен қолдауға ие болды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аудан әкімінің айтуынша, Мұнайлы ауданында барлығы 178 ірі шаруа қожалығы мен 438 үй шаруашылығы бар.
«Биыл қуаңшылық жергілікті шаруаларға көп қиындық туғызды. Қазір ауданда қысқы мал азығын дайындау, шаруаларға жем-шөп жеткізу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аудандағы Боржақты, Емір және өзге де ірі шаруа қожалықтарына, үй шаруаларына тегін шөп таратылды. Сондай-ақ шаруаларға үкімет резервінен аналық мал басына ішінара қаржылай қолдауға құжат тапсыру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаржылай көмекке өтініш білдіріп, құжат тапсырған барлық 136 шаруа қаражатын қолына алды», - деді Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Тезекбайұлы.
Сондай-ақ Мұнайлыда «Жасыл дәліз-2» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 33 121 мал басы тіркелген. Оның 1 375-і мүйізді ірі қара болса, 19 404-і мүйізді ұсақ мал.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда «Кобзев» фермасы 12 түрлі ірімшік өндіреді