Қазан айының соңында Басқұдық ауылдық округіндегі екінші су сорғы станциясы ел игілігіне беріледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Басқұдық ауылдық округінің екінші бөлігіндегі екінші су сорғы станциясының құрылысы толық аяқталды. Қазір мердігер мекемеден нысанды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ ауыз су құбырлары да тексеріліп, сынақтан өтуде. Жаңа нысан қазан айының соңында пайдалануға беріледі», - деді Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров.
Басқұдық ауылдық округінде 36 мыңнан астам тұрғын бар. Жергілікті халықты ауыз сумен қамту үшін былтыр бюджеттен 335, 9 млн теңге бөлінген.
Оқи отырыңыз: Ақтаудағы тұрғын үйлерде неге жылу жоқ?