Коммуналдық қызметтердің мәселесін бүгін брифингте түсіндірді. Мамандар тұрғын үйлердегі жылу желілері жарылған деп отыр, сонымен қатар пәтер иелерінің кооперативі әлі күнге дейін температуралық кесте мен гидравликалық есептерді алмаған, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Жылыту маусымы биыл әдеттегіден ерте басталды, дегенмен түнгі ауа температурасы үш күн ішінде +8 градустан аспасаған жағдайда жылуды қоса бастайды деген ереже бар. Қазір Ақтауда түнгі ауа температурасы +10 градустан төмен түспейді. Осыған қарамастан, әкімдік 7 қазаннан бастап үйлерді жылуға қосу туралы шешім қабылдады. Әкімдік артық қыламыз дегенімен, әдеттегі жағдай өзгермеді. Жылыту маусымы басталысымен жылу желілері де жарыла бастады.
Қазір КЖСА бригадалары мына мекен-жайлар бойынша жарылған жылу желілерін жөндеп жатыр: 26-1, 32а-20, 12-59, 12-32, 22-9, 3-159-157. Мамандар жылу желілері тозып, жарылған дейді.
Бүгінде қаладағы барлық пәтер иелерінің кооперативі мен мүлік иелерінің бірлестігі дайындық паспортын алды.
"Көптеген тұрғын бөлмелерде жылу бар, ал ваннада жоқ деп шағымданады. Бұл үйге кіретін жылу беруді реттеуге байланысты. Бүгінгі таңда біздің қолымызда температура кестесі жоқ. Бізде осы жылдың гидравликалық есебі болу керек, бірақ ол да жоқ. Осының бәрін қолымызға алғаннан кейін реттеу басталады", - деді Ақтау пәтер иелерінің кооперативі қауымдастығының директоры Тілеп Баймағамбетов.
ПИК қауымдастығының айтуынша, қала үйлерінде және кері желідегі қысым бірдей. Мұндай жағдайда, тіпті бірде-бір ПИК жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды.
"Жылуды жеткізу және кері желі арасында айырмашылық болуы керек, бірақ ондай жағдай жоқ. Пәтер иелерінің кооперативінің барлығы дайындық паспортын алғанына қарамастан, біз жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Сонымен қатар, барлық үй бір-біріне байланысты. Бір желіде 10-15 үй болады. Егер бір үйде мәселе болса, қалғандарына да жылу қосылмайды. Бұрын біз жылу беру маусымы басталардан 10 күн бұрын жөндеуді бастаушы едік, бұл жолы оны жасай алмадық. Сондай-ақ, пәтерлердегі жылыту радиаторының вентилі жабық, көбісі жылу желісіне өзгеріс жасайды. Мысалы, жылу батареяларын ауысытырады немесе көбейтеді, бірақ олай жасауға болмайды. Бұл жылу жүйесіне қатты әсер етеді", - дейді "Арман" ҚБ басқарма төрайымы Елена Батагова.
Барлық ПИК күтіп отырған температуралық кестесінде жылу беру және кері жылу желісінде қандай температура болу керек екені көрсетіледі. Бұрын бұл параметрлер 150-ден 70-ке дейін болған, қазір олар 116-дан 70-ке дейін төмендетілді.
"МАЭК 116 градустан артық бере алмайды. Біріншіден, көпшілігінде полиэтилен құбыр орнатылған, олар жоғары қысымды көтере алмайды. Екіншіден, МАЭК-тегі қуат жеткіліксіз. Қала үлкейіп, үшінші жылы біз MAЭК қуатын арттыруға немесе жылыту қазандығын салуға тырысып жатырмыз. Егер келесі жылы да жылыту қазандық салынбаса, бұдан да қиын болады. Өйткені, тағы бірнеше шағын ауданның құрылысы басталғалы тұр", - деді Тілеп Баймағамбетов.
Қала әкімдігінің құрылыс бөлімі 35 шағын аудандағы қазандыққа ЖСҚ әзірледі. Қазір ол мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Оның құны шамамен 14 миллиард теңге болмақ. Ол республикалық бюджет есебінен немесе МЖӘ көмегімен салынатын болады.
Сондай-ақ, брифингте журналистер қаладағы бір ПИК-тің тұрғындарға «қарыз өтелмейінше, жылыту болмайды деген талабы заңды ма?» деп сұрады. Әкімдіктегілер бұл талаптың заңсыз екенін және бұл мәселеге қалалық прокуратура араласып жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар, КЖСА басшылығы қала тұрғындарынан қарызын төлеуді сұрады. Қазір халықтың кәріз үшін берешегінің өзі 228 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражатқа жеті шақырым жылу жүйесін жөндеуге болады.