14.01.2022 ж. бастап Маңғыстау облысында карантиндік шаралар күшейтіледі!
Маңғыстау облысының тұрғындарына келесі талаптарды қатаң сақтау қажет:
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алуды қоспағанда, ашық ауада да, үй-жайлардың ішінде де бұқаралық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) өткізуге және қатысуға тыйым салу;
Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
ПТР-зерттеудің оң нәтижесін алған кезде (қызыл мәртебе) және науқаспен жақын байланыста болған кезде (сары мәртебе) - 14 күн ішінде өзін-өзі оқшаулау режимі.
15 қаңтардан бастап «Ashyq»-та «жасыл» мәртебесі бар адамдар:
-спорттық-сауықтыру орталықтарына,
-фитнес-орталықтарға,
-йога-орталықтарға,
-моншаларға,
-сауналарға,
-бассейндерге «Ashyq»-та «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады.
«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан тыйым салу:
- концерт залдарының, театрлардың, цирктердің қызметіне;
- діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма-намаз, діни жоралар және т. б.) өткізуге;
- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
- түнгі клубтардың жұмысына;
- ән айту және би бойынша қызметтерді ұсынумен караоке қызметі (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);
- жеке кездесулер өткізуге (вакцинацияланған 10 адамға дейінгіні қоспағанда).
Қысқарту:
- қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер санын 4 адамға дейін (әртүрлі үй шаруашылықтарынан);
- қызыл аймақтағы кинотеатрлардың («Ashyq» жобасына қатысушылардың) толтырылуын 30%-дан аспайтын етіп.
Oнлайн форматына ауыстыру:
- қызметкерлерде COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізілгеніне қарамастан, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар персоналының кемінде 70% қашықтықтан жұмыс нысанына көшіруді.
Оқыту:
- облыс орталықтарының, аудан орталықтарының мектептері 600 оқушыға дейін-оқытудың штаттық режимі;
- 600-ден астам оқушы-қашықтықтан оқыту форматы, ауыл мектептері-оқытудың штаттық форматы;
- 1-2 сыныптар оқытудың штаттық форматы және 3-5 сыныптар - кезекші сыныптар (қашықтықтан оқыту форматы бар жерлерде);
- барлық курс студенттері үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмысын ұйымдастыруды оқытудың аралас форматында қамтамасыз ету: барлық дәрістер – онлайн, практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар икемді график бойынша штаттық форматта. Вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған вакцинацияланған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі;
- қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтар шеңберінде - штаттық режимде, топтық сабақтар - 10 адамға дейін,мүмкіндігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған түзету орталықтарында - эпидемиологиялық қатер аймағына қарамастан штаттық режимде 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар.