© Фото скриншот
Кеше, 14 қаңтар күні Ақтау-Жетібай тас жолының 46/47 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласына қарай бет алған "Ваз" және "Jac" автокөліктері соқтығысты. Оқиға жайлы сағат 20:30 шамасында Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің 102 кезекші пультіне қоңырау түскен.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға орнында 3 адам қайтыс болды. Ал 2 адам ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін Полиция департаменті 4 адамның қайтыс болғанын айтқан болатын.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің айтуынша, аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданы ПБ-да тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА