Биыл Басқұдық ауылынан салынып жатқан 600 орындық білім ордасы пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осы мектеп құрылысымен танысу, жаңа оқу жылына дайындығын бақылау мақсатында партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының меңгерушісі А. Хибасов, облыстық мәслихат депутаты Г. Тасболатова, Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты А. Марат мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Басқұдық ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысының жұмысы қарқынды жүргізілуде. «Альянс LDT» мекемесінің прорабы Наренбаев Сержан құрылыс нысанының жұмысымен таныстырып, ауыл тұрғындары жаңа оқу жылында жаңа мектептен оқитынын жеткізді.
Сондай-ақ Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев бүгінгі тұрғындарға есеп беру кездесуінде де мектептің ашылатынын айтты.
Мұнайлы ауданында үш ауысымды оқу үрдісін азайту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнайлы ауданында қазіргі таңда екі мектеп құрылысы жүруде. Бұл мәселе «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, партияның бақылауынан түскен емес.