Ақтаудағы мәдени-демалыс кешенде рухани кеш ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық дін істері басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткен рухани кеште қазақ халқының ұлттық құндылықтары жыр, терме, күй және дәстүрлі әндері шырқалды.
Шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілі, облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов ашып беріп, кеш қонақтарына ыстық лебізін айтып, рухани кештің мән-мағынасы жайлы сөз қозғады.
Кешті Бердіхан Әлмен жүргізді. Қазақ ақын-жыраулары Шәтім Мұңайтпасұлының 245 жылдығына және Зайыр Мектепұлының 110 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған мәдени шарада Маңғыстау облысына танымал эстрада әншілері, термеші, жыршы және күйшілер мен «Ақжелкен» тобы өнер көрсетті.