Әлі күнге дейін қала әкімдігі тарапынан шаһарды жаңа жылдық безендіру бойынша тендер жарияланбаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі шыршаларды монтаждау, қалпына келтіру жұмыстары 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні атап өтілгеннен кейін қолға алынатындығын хабарлады.
- "Жаңа жыл" мерекесіне даярлық Тәуелсіздік күні тойланғаннан кейін ғана бастау алады. Жаңа жылдық безендіру бойынша тендер әлі жарияланбаған, сол себепті жұмсалатын қаражат сомасы әлі белгісіз, - деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.