Балалардың құқықтарын қорғау комитеті баланың анасымен байланыста және оның құқықтарының бұзылуына жол бермейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоға сілтеме жасап.
“Біздің басты міндетіміз – әр бала үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Бұны барлық білім беру ұйымдарының басшылары да түсінуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасында баланың сөз бостандығына, өз пікірін білдіруге, өзінің қоғамдық ұстанымын дамытуға құқығы бекітілген. Білім беру ұйымдарының барлық басшылары оны нақты біліп, балалардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға көмектесуі тиіс. Тәрбие процесінде тыйым салу, қорқытуға жол берілмейді”, делінген Балаларды қорғау комитеті таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ Комитет кез-келген мәселе бойынша балалар мен олардың ата-аналарын ашық түрде хабарлауға шақырады.