
Қала әкімі Ұлықбек Тналиев тікелей эфирге шығып, 31 ш/а мен 29 ш/а арасындағы жолдың неге жабылғандығын түсіндіріп берді. Әкім тікелей эфирде тұрғындарға аталған жерде жылу беретін құбырлардың ауыстырылып жатқанын айтып, жасалып жатқан жұмыстарды көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- 31 ш/а «Жерұйық» мейрамханасы мен 29 ш/а «Водолей» сауда үйінің арасындағы жолды неге жауып тастаған деген сауалдар көп түсуде. Оған себеп – 31А шағын ауданға және №30 мектепке жылудың жетпеуі. Әсіресе, қысқы мезгілде бұл мәселе қатты сезіледі. Сондықтан қазір жылу құбырын 300-діктен 400-дік құбырға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жылуды толықтай беруге мүмкіндік туады. Қазір қарасаңыздар мынадай отвод жасалды. Бұл жерде қызметкерлер күні-түні екі аусымда осы құбырды ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Жолды осы себептен жабуға тура келді. Ескісінің тозығы жеткендіктен жаңа құбыр, жаңа клапандар орнатылуда. Құбырды ауыстырылғаннан кейін қыста 31 ш/а, 32 ш/а және №30 мектепке жылу мәселесі туындамайды. Ақтау қаласының тұрғындарын осы мәселеге түсіністікпен қарауын сұраймын. Құбырды ауыстырғаннан кейін жол ашылады. Қысқы мезгілге дайындық жүргізілуде,- деді қала әкімі Ұ. Тналиев.