Биылғы жылдың тоғыз айында есірткі қылмысының 230 фактісі тіркелсе, оның 69-ы есірткі қылмысы, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Есірткі қылмысын жасағаны үшін 183 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы – 70 келі 779 грамм.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері 220 профилактикалық іс-шара жүргізді. Рейдтер барысында 440 граффити жазбалары жойылып, есірткі және психотроптық заттарды жарнамалайтын 89 веб-сайт бұғатталды.