Ақтау мектептерінің бірінде кіші сыныптардан қалған стакандағы компоттың үстіне жоғары сыныптарға құйып бере берген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Редакциясымызға баласы Ақтау мектептерінің бірінде оқитын ата-ана шағым айтты. Қызы мектептегі компоттың лас және жабысқақ стакандардан берілетініне шағымданған. Келесі күні анасы мектеп асханасына барады. Көрген көрінісі оны таң қалдырды.
«Бірінші сынып оқушылары таңертең таңғы асты ішті. Үстел үстінде пластик стақандардағы тамақ пен компот қалды. Тамақты алып тастады. Ал стакандар үстел үстінде қалды. Сағат 11-де басқа оқушылар келіп, асхана қызметкері сол стақандарға компот құйып жатты. Оның үстіне мен ашуланып мұны айтқан соң олар да қорқыта бастады. Олар менің асханаға мүлдем кіруге құқығым жоқ екенін айтты. Неліктен мен ата-ана ретінде баламның не жейтінін көруге құқығым жоқ? Тағы бірнеше заң бұзушылықтар болды. Мысалы, жұмысшылардың бірі үстелді жуғыш затпен жуды, бірақ таза сумен шаймады. Қызым бұған дейін асхана қабырғаларында тарақандар жүгіріп жүргеніне шағымданған», - дейді әйел.
Облыстық білім басқармасы шұғыл комиссия құрып, мектепке барды. Бейнебақылау камералары ата-ананың сөзін растады.
«Балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін барлық заң бұзушылықтардың жолын кесу керек. Сондықтан мән-жай толық анықталмайынша, кәсіпкерге ыстық тамақ ұйымдастыру және беру уақытша тоқтатылады деп шешілді. Енді мектеп оқушыларын үздіксіз тамақтандыру мақсатында уақытша жеткізуші іздестірудеміз», - делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.