19 қыркүйекте Ақтау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, 18 қыркүйек күні кешке 9 шағынаудандағы бір үйдің жанында ер адам мысықты швабрамен ұрып, өлтірген. Кейін оқиға орнынан бой тасалаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша Ақтау қаласы ППБ-на тіркелді. Күдікті анықталды. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.