«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Маңғыстау облысындағы жұмыссыз азаматтарды Татнефть жобаларына еңбекке тарту жөніндегі жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Татарстанның Татнефть компаниясы 500-ге тарта адамды жұмыспен қамтуға дайын. Компания ұңғымаларды пайдалану және барлау, күрделі жөндеу бұрғышылары, бұрғышының көмекшілері, машинист, слесарь, электр дәнекерлеуші, көлік жүргізуші және басқа да мамандарды жұмысқа қабылдайды.
Сонымен қатар Татнефть компаниясы Орал және Ақтөбе қалаларынан жұмыс орнына дейін көлікпен жеткізеді, жатақхана береді, қажетті оқыту және қайта оқыту жүргізеді.
Жұмысшыларға вахта әдісімен жұмыс істеу ұсынылып отыр. Бір ай жұмыс істеп, бір ай демалады. Бұл ретте жұмысшыларға лайықты жалақы да төленеді. Айталық, ұңғыманы бұрғылау және күрделі жөндеу саласындағы орташа еңбекақы 78,5 мың рубль, механикалық жабдықты жөндеу саласында – 52,5 мың рубль, ал көлік жүргізушілердің жалақысы 55 мың рубльді құрайды.
Бүгінде Маңғыстау облысына қарасты аудандар мен қалалардан 500-ден аса үміткер өтініш берді. Оның 178-і іріктеуден өтті. Енді шілде айының ортасында үміткерлерді іріктеудің екінші кезеңі өтеді.
Татнефть өкілдері үміткерлерді іріктеу және тестілеуді Ақтау қаласында өткізеді.
Толығырақ мына жерден оқуға болады https://www.kmg.kz/kaz/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=785