Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында Ғарышкерлер күніне орай таэквандо WT-тан өткен турнирге Бейнеу ауданынан барған 50 спортшының 45-і жүлделі оралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Бейнеу ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сайысқа ауданның екі командасы қатысқан. Олар Бейнеу аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы және «Каспий» спорт мектебінің командасы.
- Бейнеу ауданынан 50 бала қатысты. Оның 45-і жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, 15 бала – 1 орын, 9 бала – 2 орын, 21 бала – 3 орын алды. Бұл өте жақсы көрсеткіш және бұл жетістіктер біздің ауданымызда таэквандоға, жалпы спортқа көп көңіл бөлініп, қолдау білдіріп жатқандығының арқасында деп ойлаймын, - деді «Каспий» спорт мектебінің жаттықтырушысы Сали Жалғасбаев.