Бейнеу ауданындағы шаруа қожалықтары төрт түлікті сырғалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашалығы басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аудандық ветеринария саласы мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта аудандағы үй жануарларының 50% астамы сырғаланды. Атап айтсақ жыл басынан бері бүгінге дейін 534 бас сиыр, 1002 бас түйе, 3179 бас мүйізді ұсақ мал, 1074 бас жылқы бірдейленді.
Қуаңшылыққа байланысты мемлекеттен бөлінген 2,1 млрд.теңге қаражаттан мал бастары тіркеліп тұрған 167 шаруа қожалығы мен 2304 жеке қосалқы шаруашылығы 252,2 млн.теңге біржолғы көмек қаражатын алды.
- «Жасыл дәліз–2» функционалымен барлығы 16458 мал басы (769 ірі қара мал, 5859 ұсақ мал, 8052 жылқы, 1778 түйе) тіркелді. Бір жолғы мал азығының көмегіне берілетін бюджеттік өтінімге барлығы 102,0 млн.теңгеге жинақтық акті жасақталып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды. Қазіргі таңда толықтай игерілді. Ауыл шаруашылық саласын дамыту, оның ішінде төрт түлік малды тіркеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, - деді Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а. Бердіғали Түйешиев.