Бейнеу ауданында Құлсарыдан эвакуацияланған тұрғындарға психологтар кеңес беріп, көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Көптеген адамдар үйлерінен, мүліктерінен айырылды. Сондықтан қазір оларды қолдау, психологиялық көмек көрсету өте маңызды", - дейді психологтар.
Маңғыстау облысы ТЖД ақпараты бойынша, бүгін Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елдімекендерінен Маңғыстау облысына 87 38 адам эвакуацияланған. Облыс бойынша барлығы 201 уақытша орналастыру пункті эвакуацияланған халықты қабылдауға дайын. Пункттер 83 042 адамды қабылдай алады.
Маңғыстау су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарын қабылдауды жалғастырып жатыр.