Бейнеуде мектепті үздік аяқтаған түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісін табыстау шарасы өтті. Шараға аудан әкімі Рахымжан Шалбаев, мекеме, кәсіпорын басшылары, мектеп директорлары, ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Білімді ұлттың қалыптасуы мектеп табалдырығынан басталатыны анық. «Алтын белгіні» иелену - бұл үлкен еңбек. Сіздердің тынымсыз ізденістеріңіз, жалықпай оқу мен алға ұмтылғандарыңыздың жемісі», – деді аудан әкімі Рахымжан Шалбаев.
Аудан әкімі 17 түлекке «Алтын белгі» табыстап, білім саласында жоғары жетістікке жетіп, үздік нәтиже көрсеткендері үшін алғыс хат берді.
Ауданда биылғы оқу жылын 891 оқушы аяқтады. Олардың 828-і күндізгі, 63-і кешкі мектептің түлектері. Мектеп бітірушілердің 34-і «Үздік аттестат», 17-сі «Алтын белгі» иеленген.