Ғ.Айдаров атындағы мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Рауфмағжан Өтелген «Қазақстан дауысы. Балалар» ұлттық мегажобасына қатысып, тәлімгерлерден жоғары баға алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Түпқараған ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жас өнерпаз елорда төрінде ән шырқап, жобаның «Көрмей тыңдау» кезеңіне жолдама алған.
- «Қазақстан дауысы» жобасы - Рауфмағжанның тұңғыш үлкен сайысы. Өтініш берудің аяқталуына екі күн қалған кезде аяқ астынан анкета толтырып жібердік. Мұхтар есімді жігіт хабарласып, табиғи дауыста екі әнді жобаның сайтына жүктеуімізді сұрады. Бірнеше күннен кейін 4500 баланың ішінен өткен 120 баланың арасында Рауфмағжанның да бар екенін есту - күтпеген жағдай және бақытты сәт болды, - деді жетекшісі Ақтоты Абдуллаева.