Форт-Шевченко қаласы мен Ақшұқыр ауылында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Жәрмеңкеге 26 мекеме қатысып, 335 бос жұмыс орнын ұсынды.
- Нәтижесінде 36 тұрғын тұрақты жұмысқа, 10 адам қоғамдық жұмысқа орналасты. Тағы төртеуі жастар практикасынан өтеді. Тағы 10 тұрғын қысқа мерзімді курстарға қатысады, - деді Түпқараған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Римма Жақсылық.
Жыл басынан бері 426 адам жұмысқа орналасқан. Оның 343 тұрғын тұрақты жұмыс тапса, 83 адам уақытша жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ биыл жастарға берілетін грант құны 400 айлық есептік көрсеткішке артты. Жыл басынан бері түпқарағандық 10 жұмыссыз тұрғын грант ұтып алды.