Ақтауда «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялар республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты - білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Сайыста автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру, өндіріс саласындағы техникалық құрастыру, ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру, әскери техника саласындағы техникалық жасау, су көлік саласындағы техникалық құрастыру, құрылыс саласындағы модельдер сияқты номиациялар бойынша жүлделер берілді.
Әділқазылардың шешімімен автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша 1-орынды - Мұнайлы ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Ақғали Нұржау алса, өндіріс саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша 2-орынды Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Акил Ермағанбет пен Мұнайлы ауданындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Мирас Сүйінбай иеленді.
Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша 1-орынды Ақтау қаласындағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Аружан Бекқали алды. Ал әскери техника саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша 1-орынды Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Жасұлан Шаңытбай иеленді.
Су көлік саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша 1-орын Түпқараған ауданындағы жалпы білім беретін Шахта мектебінің 8-сынып оқушысы Тимур Аманбердіұлына бұйырса, құрылыс саласындағы модельдер номинациясы бойынша 1-орынды Мұнайлы ауданындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Рамазан Жұманов алды.
Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер номинациясы бойынша 1-орынды Мұнайлы ауданындағы №15 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Айдана Сайлаубай иеленді.
Авиация саласындағы модельдер номинациясы бойынша 2-орынды Түпқараған ауданындағы Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Кенже Жарас пен Мұнайлы ауданындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Қабылет Баглашов алды.
Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер номинациясы бойынша 1-орын Түпқараған ауданындағы Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Алмас Аманғалиевке, компьютерлік графика және 3D модельдеу номинациясы бойынша 1-орын Мұнайлы ауданындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Еламан Әділге бұйырды.