Ақтаулық Сайлаубек Боранбаев үшін елімізде өтетін әр сайлау ерекше әсер етеді. Себебі оның есімі маңызды науқанмен тікелей байланысты. Ол дүниеге келген 1984 жылдың 4 наурыз күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттар сайланған. Елде өткен үлкен саяси шараның құрметіне орай атасы немересіне Сайлаубек есімін берген екен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сайлаубек Боранбаев бүгінде Мұнайлы аудандық білім бөлімінде бас есепші болып жұмыс істейді. Ол 2008 жылдан бері тұрақты түрде әртүрлі сайлауға қатысып келеді. Биылғы 20 қарашада өтетін Президент сайлауында да өз таңдауын жасағалы отыр.
-Алдағы сайлаудан көп жақсылық күтеміз. Мен сияқты «Сайлаубектер» мен «Сайлаукүлдер» дүниеге келіп, халқымыздың саны көбейе берсін. Бұйырса, мен де отбасыммен сайлау учаскесіне барып, дауысымды бергелі отырмын. Өйткені дұрыс таңдалған кандидат – бүкіл елдің болашағының кепілі. Сондықтан ертеңгі жарқын өміріміз үшін таңдау жасауымыз керек, - дейді Сайлаубек Боранбаев.