Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшілік істі қарау кезінде аудан әкімдігінің бұзушылық жасауына байланысты жеке ұйғарым шығарды. Тиісті шаралар қабылдау үшін Мұнайлы ауданының әкіміне жолданды. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 270-бабына сәйкес, жеке ұйғарым жіберілген адам өзі қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзімде сотқа хабарлауға міндетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылданған шаралар туралы хабарламау жеке ұйғарымға жолданған адамдардың әкімшілік жауаптылығына әкеп соғады.
"Заңда белгіленген мерзімде әкім тиісті шаралар қабылдаған жоқ, осыған байланысты сот приставы әкімшілік хаттама жасап, Мұнайлы аудандық сотына қарау үшін жіберді. Соттың қаулысымен Мұнайлы ауданының әкімі ҚР ӘҚБтК - нің 664-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (жеке ұйғарым, сот қаулысы, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуы бойынша шаралар қолданбау)," - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Аудан әкіміне сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.