Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев жылыту маусымында жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтқанда қала әкімі 1, 2, 3 шағын ауданда орналасқан тұрғын үйлердің жертөлесіндегі ыстық су жіберетін құбырлардың ашық тұрғанын тексеру мақсатында ысырма(задвижкалары) тексеріп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында белгілі болғандай, кей тұрғын үйлердің жертөлесіндегі ыстық су жіберетін құбырлардың ысырмалары(задвижка) қосулы болмай шықты.
Қазіргі басты мәселе тұрғындарға ыстық су беру қажет, сондықтан тұрғын үйлерді күтіп ұстайтын ПИК(пәтер иелерінің кооперативі), МИБ(мүлік иелерінің бірлестігі)
қалалық әкімдік қашан келеді, КЖСА келіп жасап бергенің күтпей, жылыту маусымына немқұрайлы қарамай, ыстық су жіберетін құбырларды тексеріп, қосуды тапсырды.
-Тұрғын үйге жауапты МИБ, ПИК мамандары ыстық су жіберетін құбырларды тексеріп, ысырмаларды(задвижка) ашу керек. Тұрғындар МИБ, ПИК-ке хабарласып, ыстық су жіберетін құбырларды тексергенін нақтылап сұрап отырулары қажет. Шынын айту керек кейбір ПИК, МИБ-тар осы жұмыстарды әлі дұрыстап жасап отырған жоқ. Кез-келген тұрғын үйді күтіп ұстайтын ПИК, МИБ жылыту маусымына немқұрайлы қарамай, жауапкершілікпен қарауы керек. Себебі, тұрғындарға ыстық су, жылу уақытылы бару қажет, - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.
Қазір «КЖСА» МКК тозығы жеткен құбырларды ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы орайда қала әкімі тұрғындарды шыдамдылық танытуға шақырды.