Нью-Йоркте iPhone 15 сатылымының басында Apple компаниясының бас директоры Ақтаудағы жас жігітке жаңа телефон сыйлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты onnews-ке сілтеме беріп.
Смартфон иесі Ақан Асылбекұлының айтуынша, 22 қыркүйек ол үшін тарихи күн болған. Өйткені, iPhone 15 сатылымы басталған күні Apple компаниясының бас директоры Тим Кук компанияның Нью-Йорктегі дүкендерінің бірін ашуға келді, онда ол клиенттермен сөйлесіп, олармен селфи жасаған.
Ақан Асылбекұлы бас директор жаңа iPhone 15 ProMax сыйлаған алғашқы бақытты жандардың бірі. Сонымен қатар, ол пакетке өзінің қолын қойды.
Айта кету керек, жаңа iPhone 15 Promax біздің елімізде 1,7 миллион теңгеден астам бағада сатылады.