“Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45 бабына, Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Жеткізгенов Еркебұлан Қуанышқалиұлы Баутин ауылының әкімі лауазымына сайланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еркебұлан Қуанышқалиұлы 1985 жылы 6 қыркүйекте Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Ш. Есенов атындағы технология және инжиринг университетінің "құқықтану", 2018 жылы осы университеттің "экономика және бизнес" магистрі мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолы 2007-2012 жж, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің инспекторы, 2012-2014 жж осы салада супервайзер, 2014 жылдан бастап басшы орынбасары, басшы міндетін атқарушы және басшы қызметтерін атқарған.
Е. Жеткізгеновке Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Ақкенже қызметтік куәлігін табыстады.
Ауыл ардагерлері мен тұрғындары сөз алып бұрынғы әкімдердің қызметіне тоқталып, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан басшысы Рахат Тезекбайұлы Елтизаров Баутин ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.