Түрікмен тарапы бұл құжатты ратификациялап үлгерген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және Каспий теңізіндегі балық аулау аймақтарының іргелес учаскелерін шектеу туралы келісімді туралы заң жобасын мақұлдады.
Тараптар келісімге 2021 жылдың 25 қазанында Ашхабадта қол қойған еді. Құжат Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі олардың аумағын және балық аулау аймақтарының іргелес бөліктерін бөлетін мемлекеттік шекара сызығын айқындайды.
«Келісімнің қабылдануы мемлекеттеріміз арасындағы Каспий теңізінің шекарасын белгілеуге қатысты туындайтын дауларды жояды. Каспий теңізінің қазақстандық секторының инвестициялық әлеуетін арттырады және өзге де құқықтарды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді”, - делінген мәжіліс комитетінің заң жобасы қорытындысында.