Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері келіп түскен жедел ақпарат бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2022 жылы 16 қараша күні сағат 16:30 шамасында Ақтау қаласының аумағында 26 шағын ауданда Lexus маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Автокөлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады.
32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматшаға қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу). Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.