Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол апатының тең жартысы көлікті өзі айдап үйренгендердің кесірінен болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты taunews.qaz ақпарат агенттігіне сілтеме бере отырып.
Осыған байланысты, мемлекет енді автомектептерге бақылауды күшейтпек.
-Көп мектептерде қажетті материалдық база жоқ. Талдау көрсеткендей, жүргізушілер арасында адам өліміне әкеп соқтырған апаттардың 50 пайызы өздері көлік айдап үйренгендердің кесірінен болады, - деді министр Ахметжанов.
Жыл сайын ел аумағында 13 мың жол апаты орын алуда. Салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мың адам жарақат алады.