Премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылдың аяғына дейін мемлекеттік қала кадастр жүйесін толығымен енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып.
Үкімет отырысында Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа жүгінді.
"Жұртшылық тарапынан қалалардағы бейберекет тығыз құрылыс бойынша көп сұрақ туындап отыр. Қазір қандай шаралар қолдана аласыз" - деп сұрады премьер.
Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылдың аяғына дейін мемлекеттік қалалық кадастр жүйесін толық енгізуді және автоматтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Цифрлық даму министрлігіне Индустрия және ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, барлық кадастрлық ақпараттық жүйені біріктіруді қамтамасыз ету тапсырылды.