Облыстық экология департаменті «Маңғыстау жылу» мекемесін жауапкершілікке тартты. Полигонда жанудың нормадан асып кетуі анықталды. Тексеру тұрғындардың ауадағы күйік иісіне қатысты шағымдары негізінде жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Экология департаменті полигонда жанудың 2 фактісі болғанын хабарлады. Полигонға тиесілі кәсіпорын ҚР Экологиялық кодексінің екі бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Тұрғындардан ауадағы күйік иісіне қатысты шағымдар түсті. Бақылап отырғанымызда сол өртеу жұргізілді. Аумаққа барып өлшемдерін алып, прокуратураға жібердік. Ол жақтан алған ақпарат негізінде “Маңғыстау жылуға”тексеру жүргіздік, – дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мақсат Айсин.
Кәсіпорынға 490 мың теңгеге жуық айыппұл салынған.