2022 жылы 24 қарашада сағат 15:00 шамасында Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Приморский-1" шағын ауданында марихуана есірткі өсімдігін өсіретін 61 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жеке тінту кезінде күдіктіден 65 190 теңге көлемінде ақшалай қаражат табылды. Әрі қарай, тұрғылықты жерін тінту кезінде 1 447 193 теңге және 8000 рубль көлемінде ақша тәркіленді. Сонымен қатар, 4 дана орама қап "марихуана" есірткі өсімдігі , 1 дана "марихуана" өсімдігінің түп тамыры және есірткі өсіруге арналған арнайы құралдар тәркіленді.
Тәркіленген есірткі өсімдіктерінің жалпы салмағы 1 килограмнан асады.
Бұл факт ҚР ҚК 300-бабы бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелген (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру).
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.