Жұмысшылар жыл соңында бонус түрінде сыйақы төлеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазір «OSK» ЖШС басшылығы мен кәсіподақ төрағасы қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда, жұмысшылар бұл мәселе шешілмеген жағдайда жұмысты тоқтатуға ниетті екендіктерін жеткізді.
«OSK» ЖШС басшылығының айтуынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Шешімімен бекітілген «OSK» ЖШС қызметкерлеріне сыйақы төлеудің шарттары мен тәртібіне сәйкес, «OSK» ЖШС қызметкерлеріне сыйақы төлеудің негізгі шарттары:
1. Есепті кезеңдегі қызметтің оң қаржылық-экономикалық нәтижесіне қол жеткізу, яғни жылдық таза табыстың болуы;
2. Есепті кезеңде Жалғыз қатысушыдан қаржыландырудың (жарғылық капиталға салымдар, қарыз қаражаттары, қаржылық көмек) болмауы.
«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған шарттар орындалмаған, себебі «OSK» ЖШС қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелері бойынша шығынға ұшырап отыр, сәйкесінше серіктестік өз қызметкерлеріне сыйақы төлеуге мүмкіндігі жоқ. Біз қызметкерлерді сабырлыққа шақырамыз. Себебі, «Oil Services Company» ЖШС бонус төлеуге мүмкіндігі жоқ, өйткені
компания шығынға ұшырады. Жұмысты тоқтату одан сайын кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеліп соғады, бұл ретте өндірісте 2500-ден астам тұрақты жұмыс орны бар екенін ескерейік. Арандатушылыққа бой алдырмаңыздар, - деп шақырды компания басшылығы.
Сондай-ақ, компания қолданыстағы заңнама аясында әрекет ететінін атап өтті.
Айта кетейік, кәсіпорын басшылығының хабарлауынша, орташа жалақы - 927 мың тг. Ал, ең төменгі жалақы - 640 мың тг.