Ақтаулық оқушылар гір тасын көтеру мен қол күресінен жарысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп оқушылары арасында гір көтеру мен қол күресінен қалалық ашық турнир аяқталды.16 мектептен 125 оқушы қатысқан спорттық сында ерлер мен қыздар түрлі салмақ бойынша сынға түскен болатын.
- Бұл жарыс жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Гір көтеру мен қол күресінен өтетін турнирдің басты мақсаты – жастарды спортқа баулып, ұлттық спортты насихаттау болып отыр. Уақыт өткен сайын қол күрес пен гір тасын көтеруге қызығушылық артып келе жатыр,-деді Ақтау қаласы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қол күрес бөлімінің аға жаттықтырушысы Шапағат Үсенов.
Жарыс қорытындысы бойынша гір тасын көтеруден Есет Аллаберген І орын жеңсе, Абдулла Баяндиев ІІ орын, ал Кирилл Вихарев ІІІ орын иеленді. Қол күресі бойынша қыздар арасында Аружан Салиева (40кг), Айару Елдос (45кг), Нұрана Мурумбаева (50кг), Дарина Сайфуллин (55кг), Айым Жеңісбаева (абсолют салмақ дәржесі) топ жарып І орын иеленді.
Ал ІІ орынды Нұргүл Кулберген(40кг), Сумая Джолдас (45кг), Ақерке Хасан (50кг), Гүлназ Ералы (55кг), Аружан Жанатова(абсолют салмақ дәрежесі) жеңіп алды. Мөлдір Қазбек (40кг), Сұлу Мерет (45кг), Динара Бақтыгерей (50кг), Малика Жантөре (абсолют салмақ дәрежесі) ІІІ орынға тұрақтады.
Ұлдар арасында қол күрестен 30 кг салмақ дәрежесінде Олжас Бисен – І орын, Айқын Серік – ІІ орын, Еркебұлан Ғизатұлы – ІІІ орын иеленді.
35 кг салмақ дәрежесінде І орын – Дарын Орынбасар, ІІ орын – Ерасыл Құбайдулла, ІІІ орын – Ақылжан Бисенге бұйырды.
40 кг бойынша І орын – Қыдыржан Дәулет, ІІ орын – Ақылбек Жайықов, ІІІ орын – Ақжол Қолғанбайға бұйырды.
45 келіде І орын – Аққайыр Алдияр, ІІ орын – Қошкелді Нұрасыл, ІІІ орынды – Таңатар Исламбек тұрақтады.
50 келіде Жандос Болат жеңімпаз атанса, ІІ орын – Наурыз Дастан, ІІІ орынды – Дамир Сәбитов иеленді.
55 кг бойынша Кемал Батырға тең келер ешкім болмады. ІІ орын – Мадияр Амангелді, ІІІ орын – Акылбек Данакүлдің еншісе жазылды.
60 кг салмақ дәрежесінде І орын – Берік Өтепберген, ІІ орын – Сағадат Амантай, ІІІ орынды – Рамазан Мақсұт алса, абсолют салмақ дәрежесінде І орын – Олжас Басшыұлы, ІІ орын – Акылбек Абдуллев, ІІІ орынды – Арсылан Наурызбаевтар бөлісті.