Самбодан Беларусь Президентінің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде маңғыстаулық Гүлдана Әлмұхамбетова күміспен күптелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирде Қазақстан құрама сапында өнер көрсеткен маңғыстаулық спортшы Гүлдана Альмухамбетова 54 келі салмақ дәрежесінде 4 белдесу өткізіп Белорусь, Түрікменстан, Ресей мемлекетінің спортшыларынан айқын басымдықпен ұтып, ақтық белдесуде Белорусь балуаны Алена Купавоға есе жіберді.
8-10 ақпан аралығында өтіп жатқан халықаралық турнирде 10 мемлекеттен 300-ден астам спортшы бақ сынап жатыр.
Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Гүлдана Әлмұхамбетова 2023 жылы самбодан өткен Әлем чемпионатында 54 келі қола жүлдегер атанған болатын.