2023 жылы Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 86 тұлғаға қатысты 71 қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Былғыр сотталған тұлғалардың саны 81 (2022 жылы-51 тұлға) олардың ішінде 27 тұлға кәмелетке толмағандарға қатысты (2022 жылы- 14 тұлға) болып отыр.
«Сотталған 81 тұлғаның 31-і ауыр (2022 жылы-19), 10-ы ауырлығы орташа (2022 жылы-9), 40-ы онша ауыр емес (2022 жылы-23) қылмыс. Салыстырмалы кезеңде істердің көбейгенін көруге болады. Істердің басым көпшілігі ҚК-тің 139-бабы, яғни балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қаралған. Аталған баппен 2023 жылы 43 тұлға (2022 жылы 29 тұлға ) сотталған», - деп жазылған соттың хабарламасында.
Сонымен қатар, ұрлық бабы бойынша 2023 жылы 20 тұлға (2022 жылы 10 тұлға) істі болды.