7 ақпан күні Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері әдеттегідей қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүреді. Шамамен кешкі уақытта жедел басқару орталығынан 6 жасар ер баланың жоғалғаны туралы ақпарат түседі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақпаратты ең алғашқы болып, 6656 әскери бөлімінің патрульдық жасақ бастығы сержант Қасиет Елемесов және оның сарбаздары естиді. Түскен белгіні естіге сәттен бастап патрульдық жасақ жоғалған баланы іздеуге кіріседі. Кешкі сағат 18:30 шамасында Қасиет Елемесов бастаған жасақ жоғалған баланы теңіз жағажайына жақын жердегі 14 ықшамауданнан тауып алады. Әскери жасақ бастығы баланы тыныштандырып әскери жасақ кезекшісіне баяндап, баланы Ақтау қаласындағы «Айдын» полиция бекетіне апарып, ата-анасын іздеу жұмыстарын ұйымдастырады.
Алты жастағы ер баланың ата-анасы ұлын тауып берген Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді.